Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Түркістанда ана мен бала дәрігерлерін даярлайтын орталық ашылды

2019 жылдың 13 наурыз 2019 21:36

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысында тұңғыш рет облыстық денсаулық сақтау басқармасының және БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) ұйымдастыруымен медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған оқу орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты рәсімге ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және облыстың медициналық қоғамдастық өкілдері қатысты.

Аталған орталық алдағы уақытта аяғы ауыр әйелдер мен кішкентай балалары бар отбасылар үшін әмбебап-озық үлгідегі кешенді қызмет көрсете алатын патронажды медбикелерді дайындайтын болады. Орталық жыл сайын мыңдаған патронажды медбикелерге, дәрігерлерге, әлеуметтік қызметкерлерге, сондай-ақ, психологтарға балалардың толыққанды дамуы жайлы және ата-аналарды ақпараттандыруға қажетті біліммен қамтамасыз етпек.

Айта кетерлігі, орталық кішкентай балалардың толық дамуы саласындағы ЮНИСЕФ пен ДДСҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес келетін озық білімі бар дәрігерлерді, патронажды медбикелер мен әлеуметтік қызметкерлерді оқытып шығаруға қажетті құралдармен толықтай жабдықталған.










Жоғары қарай