Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Түркістанда азық-түлік тауарлары арзан бағада саудаланды

2019 жылдың 8 мамыр 2019 00:23 913

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда Отан қорғаушылар күніне орай азық-түлік тауарларына арналған жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда күнделікті тұрмысқа қажетті тұтыну тауарлары арзан бағада сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жәрмеңкеде халықтың ең көп тұтынатын ет пен сүт өнімдері, көкөністер мен мен бақша өнімдерінің бағасы нарықтағы сатылымнан неғұрлым төмен саудаланды.  Шараға аймақтағы аудан-қалалардан шаруалар өз өнімдерін ұсынып, алушылардың көңілінен шығуға тырысты.

Айта кетейік, Түркістан қаласында соңғы кездері осындай жәрмеңкелер әр мереке күндері ұйымдастырылуда. Оған облысқа қарасты аудан-қалалардан келген кәсіпкерлер мен шаруалар атсалысуда, Сондай-ақ, облыс орталығында бүгінгі күні  14 әлеуметтік дүкен халыққа қызмет көрсетіп отыр. 

 

 

Жоғары қарай