Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Түркістанда азық-түлік жәрмеңкесі өтті

2019 жылдың 8 мамыр 2019 18:00

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда Отан қорғаушылар күніне орай азық-түлік жәрмеңкеcі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкені ұйымдастырушы - Түркістан қаласының әкімдігі. Оған 12 тауар өндіруші қатысып, 2 тоннаға жуық 30-дан астам өнім түрі ұсынылды. Нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада саудаланған тауарлар келушілердің көңілінен шықты.

Облыс орталығында азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастыру игі дәстүрге айналып отыр. Бұл - қала тұрғындары мен ауыл еңбеккерлері үшін өте тиімді. Ең бастысы, экологиялық таза, құнарлы да сапалы өнімдер ғана саудаланады. Әрі бағасы да қолжетімді. Сондай-ақ, жәрмеңке әр аптаның соңында және мереке күндері өтеді деп күтілуде.

Жәрмеңке сөрелерінен Түркістан қаласының шаруа қожалықтары мен жергілікті кәсіпкерлер ұсынған ет, сүт, қаймақ, қымыз, шұбат, жұмыртқа, өсімдік майы, көкөніс пен жемістің саналуан түрін арзандатылған бағада сатып алуға мүмкіндік мол.

Айта кетейік, іс-шара 9 мамыр - Жеңіс күнінде сағат 10.00 мен 15.00 аралығында жалғасын табады.

Жоғары қарай