Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Түркістанда денсаулық фестивалі өтті

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 19:33

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында кең ауқымды денсаулық фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында өткен шараға облыс орталығындағы балабақшалар мен мектептер, орта және жоғарғы оқу орындары, басқа да жұмыс орындарында еңбет ететін азаматтар қатысты. Ал, қала тұрғындары жаңа Арбатта жиналып, жаппай 10 минуттық жаттығу жасады.

Бұдан бөлек, медицина ұйымдарының мамандары жаңа технологияны пайдалана отырып, медициналық қызмет көрсетті. Тұрғындардың ақыл-кеңес алып, барлық медициналық тексеруден өтуіне мүмкіндік берілді.








Сонымен қатар, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен облыстық этномәдени бірлестіктердің «Қазақтану» жобасы аясында «Қазақ дастарханы» ұлттық тағамдар көрмесі ұсынылып, қала жұртшылығына және қонақтарға түрлі тағамдар таратылды.

Түркістандықтарға алғашқы медициналық көмек түрін көрсету бойынша шеберлік сабақтары көрсетілді. Фестиваль аясында мәдени-спорттық бағдарламалар ұйымдастырылып, оның соңы түрлі іс-шараларға ұласты. «Парасат» саябағынан жаңа Арбатқа дейін велосипед тебушілер жүріп өтсе, одан бөлек, мектеп оқушыларының салауатты өмір салты бойынша сурет көрмесі өтті. Азаматтарға дұрыс тамақтану бойынша ақыл-кеңес беріліп, шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.











Жоғары қарай