Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.06
EUR 429.19
RUB 6.08
CNY 55.83

Түркістанда «Елін сүйген - Елбасы» атты көрме өтті

2019 жылдың 18 мамыр 2019 23:12 1164

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда «Елін сүйген - Елбасы» атты облыстық музейлер мен кітапханалардың көрмесі өтті. Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының шарасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне ұйымдастырылды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық музей күнінде өткен шараға зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, студенттер  мен мәдениет, білім салаларының қызметкерлері мен жастар және қала тұрғындары қатысты.




Салтанатты шараны облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұрдәулет Исабек құттықтау сөзбен ашты.

«Елбасының тынымсыз еңбегінің арқасында бүгінде Қазақстан әлемге танылып, абыройы асқақтай түсті. Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап, еліміз үшін жаңа тарих басталды. Елімізді ата-бабамыз армандаған асқар биікке шығарғаны баршаға белгілі. Қазақ елінің жарқын болашаққа бастар жолын айқындап берген Елбасына халықтың да айтар алғысы мол. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарихы тереңде жатқан Түркістанды әр уақытта назарына ұстап, оның экономикасының, мәдениетінің, сәулетінің тасуына қамқорлық жасап келгеніне халық дән риза. Көрмедегі әрбір туынды түркі әлемінің рухани астанасы атанған Түркістан қаласы мен Елбасы есімінің байланысынан сыр шертеді»,-деді Нұрдәулет Исабек.




Сондай-ақ, көрмеде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті, жас ақын Әйгерім Мұрат Елбасыға арнаған өлеңін оқыды. Өз замандастарын елін, жерін сүйіп, Тәуелсіз елдің тірегіне айналған Тұңғыш Көшбасшының салып берген сара жолын патриоттық сезіммен жалғастыруға шақырды.

«Жеңіс» саябағында өткен көрмеге облыстық кітапханалардың 150-ге жуық кітаптары мен музейлердегі Елбасыға арналған 200-ден астам естелік мағлұматтар жиынтығы және жәдігерлер қойылды. Оның ішінде Елбасыға арналған кітаптар мен фотоматериалдар, жеке заттары мен бейнелеу өнерінің туындылары бар.








 

Жоғары қарай