Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Түркістанда «Мен – донормын, өзгеге үміт сыйлаймын!» акциясы өтті

2020 жылдың 13 ақпан 2020 16:53

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан қаласында «Мен – донормын, өзгеге үміт сыйлаймын!» атты акция өтті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» МКК мен «Jas Otan» жастар қанатының бірлесе ұйымдастыруымен өткен шараға жүзге жуық адам қатысып, қан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акцияға «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері, Кентау қаласы мен Ордабасы, Отырар аудандық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері және қала тұрғындары мен ерікті жастар қатысты. Сондай-ақ, «Ақпарат талдау орталығы» мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» және «Өңірлік рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қызметкерлері де атсалысты. Шарада жастарды толық тексеруден өткізген дәрігерлер қант мөлшері, гемоглобин көрсеткіші мен түрлі ауру белгілерінің бар-жоғын зертханалық жолмен анықтады. Содан кейін ғана донор болуға мүмкіндік берді. Аталған акция жастарға қан мен оның компоненттерін қайта құю арқылы адам өмірін құтқарып, денсаулығына қауіп-қатер төнген жандардың өмірін ұзартуға мүмкіндік бар екендігін ұғындыру болды.

Қанға зәру науқастарға қолдау көрсетуді қолға алған орталық алдағы уақытта да іс-шараны жалғастыруды жоспарлап отыр.


























Жоғары қарай