Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Түркістанда оқытушылар біліктілік арттыру курстарынан өтіп жатыр

2019 жылдың 22 тамыз 2019 20:30

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Елімізде кәсіпкерлік негіздерін мектеп оқушылары ғана емес колледж студенттері де оқитын болады. Бұл шара Түркістан қаласындағы мектептер мен колледждерде де жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығының оқытушылары «Кәсіпкерлік негіздері және бизнес» пәнін оқыту бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтіп жатыр. «Нәтижелі жұмыспен қамтудың 2017-2021 жылдарға арналған »Еңбек« бағдарламасы аясында іске асып жатқан бұл жобада, түркістандық 300 мектеп мұғалімдері мен 60 колледж оқытушылары біліктілігін арттыруда. Осылайша, жаңа оқу жылынан бастап, он мыңға жуық жасөспірім кәсіпкерлік негіздерін колледж және мектеп қабырғасынан меңгереді.

Айта кетейік, «Атамекен» ҰКП «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін әзірлеу жұмысының жобасын 2014 жылы бастаған болатын. Сол уақытта Түркістанда бұл жоба алғаш рет Ататүрік атындағы №17 мектепке енгізілген еді. Ендігі жерде оқушылардың кәсіпкерлікке қызығушылығын арттырған бұл пәнді облысымыздың мектептерінде ғана емес, Республика бойынша 100 мың колледж студенттеріне де оқытылады. Нәтижесінде алдағы уақытта пәнді енгізумен өңір экономикасындағы бизнестің үлесі және жалпы бизнестің даму көрінісі айтарлықтай жақсарады деп күтілуде.

Оқыту 19-29 тамыз және 2 -13 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған. Он күндік курста бизнес тренерлер оқытушыларға жалпы кәсіпкерлік жайлы сауатты түсінік қалыптастырып, өңір ерекшелігіне байланысты кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгертеді. Салық төлеу режимдерін, маркетинг негіздерімен таныстырады. Сондай-ақ заманауи жобаларды жүзеге асыру жолдары мен мемлекеттік бағдарламалар жайлы толық мағлұмат береді.

Жоғары қарай