Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Түркістанда тәртіп бұзған автобус жүргізушілері анықталды

2019 жылдың 15 қазан 2019 03:38

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында ұйымдастырылған «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1500-ге тарта жол қауіпсіздік ережесін бұзу жайттары тіркелді.

Қоғамдық көліктердің жүргізушілері заңсыз жолаушылар тасымалдап, құжаттарын реттемеген болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 10-17 қазан күндері аралығында өткен реид барысында 70 автобустың заңсыз қайта жабдықталғанын анықтады.

400 полиция мен жол инспекциясы қызметкелері, прокуратура және басқа да мемлекеттік, қоғамдық органдардың өкілдері қатысқан шарада 17 заңсыз жолаушы тасымалдау жайты тіркелді.

Жүргізушілердің 206 заңсыз жолаушы мен жүксалғыштармен жүктерді тасымалдау жайты, міндетті техникалық байқаудан өтпеудің 83 жайты, рейс алдындағы ТҚК және медициналық байқаудан өтпеудің 14 жайты, азаматтық-құқықтық жауапкершіліксіз автокөлікті басқарудың 20 дерегі тіркелді. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліксіз автокөлікті басқарудың 65 дерегі белгілі болды.

Одан бөлек патрульдік полицейлер ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 293 жүргізушіні, жылдамдықты арттырғаны үшін – 88 және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 131 көлік жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартты

Сондай-ақ, жол қауіпсіздік ережелерін бұзған мемлекеттік нөмер алынған немесе айыппұл тұрағына қамауға алынған 41 транспорттық құрылғыны, сондай-ақ 200 автобустың электр жабдықтары мен басқа да техникалық құралдардың жағдайына сәйкестігі тексерілді.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Түркістан облысы, Көлік,
Жоғары қарай