Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Түркістанда волейболдан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды

2019 жылдың 20 қараша 2019 02:38

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында волейболдан 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнир басталды.

Спорттық шара КСРО мен Қазақ КСР-на еңбек сіңірген жаттықтырушы, Волейболдан қазақтан шыққан тұңғыш КСРО-ның спорт шебері Октябрь Жарылқаповтың жүлдесіне арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде облыстық Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Полат Қырықбаев пен қалалық мәслихаттың депутаты Мұхаммедәлі Қорғанбаев құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. О.Жарылқапов туралы естеліктерімен бөліскен шәкірттері мен замандастары да өмірі өнегеге толы тұлғаның спорттағы жетістігі үлгі боларлық дара жол екенін атап өтті.

«Келесі жылы жарыстың халықаралық деңгейде өткізілуі жоспарлануда. Қазақ волейболының болашағы жарқын. О.Жарылқаповтың шәкірттерінің арасынан еуропа және әлем жеңімпаздары, екі Олимпиада чемпионы шыққан. Ол дегеніміз үлкен жетістік. Сондықтан спорт саңлағының волейболға қосқан еңбегі өлшеусіз. Аңыз адамның есімін ұлықтауға арналған жарысты өткізудің мәні айрықша»,-деді Түркістан облысының волейболдан бас бапкері Марат Божбанбаев.

Республикалық турнирге Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары, Түркістан, Кентау қалалары мен Сайрам ауданынан келген 100-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақ волейболының атасы атанған түркістандық спортшының даңқын асқақтатқан дода 24-қарашаға дейін жалғаспақ.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Түркістан облысы, Спорт,
Жоғары қарай