Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Түркістанды абаттандыру ісіне келестіктер де үлес қосуда

2019 жылдың 22 тамыз 2019 18:41

КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан қаласының аумағын 16 секторға бөліп, оған жауапты ретінде облыстың аудан, қалалары мен басқармалары, жергілікті әкімдіктің дербес бөлімдері бекітілген. Қала аумағының инфрақұрылымын дамытып, абаттандыру, көгалдандыру және суландыру жұмыстары облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан қаласындағы 16-шы сектор бойынша атқарылатын шараларға Келес ауданы әкімдігі, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы және Түркістан қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі бекітілген болатын. Белгіленген аумақтың картасы мен жадынама дайындалып, барлық жауаптыларға таратылды. Оған сәйкес, 16-шы секторға жауапты мамандар 1 тамыздан бастап белгіленген аумақ бойынша толық оңтайландыру жұмыстарын жүргізді.

Келес ауданы әкімідігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен 16-сектор аумағына тазалық жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ сектор аумағын абаттандыру бойынша ұсыныстарды талқылау мәселесінде жиын өтті.

Аудан әкімінің орынбасары, 16-секторға жауапты етіп бекітілген Алмас Сексенбаев сектор аумағының жағдайымен таныстырып, атқарылатын жұмыстар жобасымен бөлісті. Дербес бөлім басшылары, ауыл және ауылдық округ әкімдері қатысып өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын барысында аудан басшысы алдағы уақытта 16-сектор аумағын тазалау мақсатында сенбілік жұмыстары жүретінін мәлімдеді.

Жоғары қарай