Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Түркістандық көкөністер мен жемістер Татарстанға экспортталады

2019 жылдың 6 мамыр 2019 14:35 1222

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысына Татарстанның «Mariana-Region» ЖШС көтерме-бөлшек сауда компаниясының басшысы Минатулла Хасангусейнов жұмыс сапарымен келді.

Жылдық тауар айналымы 1 миллиард рубльден асатын компания аймақтың шаруалары өндірген өнімдерге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Magnit және X5 Retail Group сияқты бөлшек сауда желілеріне жемістер мен көкөністерді жеткізумен айналысатын компания өкілдері Ресей Федерациясына көкөністер тасымалдау аясын кеңейту және Түркістан облысының шаруаларымен іскерлік байланыс орнатқысы келетіндерін білдірді.

Іссапар барысында татарстандық кәсіпкер өңірдегі бірқатар шаруа қожалықтарын аралап, ондағы жылыжай кешендермен танысты. Ол өндіріліп жатқан өнімнің түрлері және көлемінің ауқымдылығына деген қызығушылығын жасырмады. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев қонақтармен Ордабасы ауданындағы «Адель» ең ірі жылыжайында іскерлік кездесу өткізді.

Жергілікті шаруалармен пікір алмасқан татарстандықтар өңірде халықаралық саудаға өте қолайлы жағдайдың жасалғанын атап өтті. Өз кезегінде Мейіржан Мырзалиев екіжақты тиімді серіктестік орнатуға және облыс әкімдігі тарапынан тиісті шараларды қолға алуға дайын екенін жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары  өңірде экологиялық таза өнімдерді көп мөлшерде жеткізуге мүмкіндіктің мол екенін айтты. Кәсіпкерлер үшін жұмыс істейтін 24/7 call-орталығы жайында әңгіме өрбітті. Яғни, кәсіпкерлердің бизнесіне кедергі келтіретін кез-келген мәселе осы мекеме арқылы шешіліп отырады.



null 

Сондай-ақ, тараптар көкөністердің сапасы мен өнім түрін сақтай отырып, кепілдендірілген көлемді үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында ақпарат алмасып отыруға уағдаласты.

Қазіргі таңда логистикалық және экспортталатын өнімдерді сақтау шарттарына қатысты мәселелер шешілуде. «KazakhExport» басқарушы директор - Руслан Төлегенов кәсіпкерлерге тиісті көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді. «Mariana-Region» ЖШС басшысы Минатулла Гасангусейнов Түркістан облысымен әріптестік байланыс орнату айтарлықтай оң нәтижелерге жеткізетінін атап өтті.



null  

Жоғары қарай