Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Түркістандық жастар арасындағы дебат Мырзакентте жалғасты

2019 жылдың 27 қазан 2019 22:31

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Жастар ресурстық орталығы дебат клубтарын ашып, өзара аудандық сайыстар өткізді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шара жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мен жасөспірімдер арасында орын алатын қылмыстардың алдын алу, болдырмау мақсатында қолға алынып отыр. Кезекті кездесу аудан орталығы Мырзакент кентінің «С.Рахымов» және , «Абылай хан» жалпы орта мектептері мен «Мырзакент» мектеп-гимназиясы оқушыларының арасында өтті. Әр мектептен 2 фракциядан қатысқан сайыста жастар арасында бүгінгі қоғамның өзекті мәселелеріне айналып отырған ғаламтордың пайдасы мен зияны сөз болды.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың орын алуының себеп-салдары, отбасы тақырыбындағы мәселелер мен ана тілдің қасиеті мен құндылығы талқыланды. Әр топ өз дәлелдерін ортаға салып, қорғап шығуға тырысты. Дебатта тұшымды ой-пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Қарсыластарынан тапқырлығы мен құнды ұсыныстарының, айтылған өткір пікірлерінің нәтижесінде озық шыққан «Абылай хан» жалпы орта мектебінің «Мәңгілік ел» командасы жеңімпаз деп танылды. Айта кетейік, Жастар ресурстық орталығы Мемлекет басшысының жүргізіп отырған сарабдал саясатын ел ертеңі саналатын жастардың арасында кеңінен насихаттап, түсіндіріп келеді. Орталық бүгінде тек қана үгіт-насихат жұмыстарымен ғана айналысып қоймай, жастар арасында дебат клубтарын ашуда. Мектеп оқушылары арасында аудандық сайыстар өткізуде.
Жоғары қарай