Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Түркістандық жастар жаңа жобаны қолға алды

2020 жылдың 20 ақпан 2020 21:10

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандық жастар «Судың да сұрауы бар» атты жаңа жобаны қолға алды. Еріктілер осы жоба арқылы көпшілікті ауыз суды үнеммен қолдануға шақырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоба аясында жастар мемлекеттік мекемелерге, орта арнаулы оқу орындарына, жоғары оқу орындарына және халық тығыз шоғырланған жерлерде суды үнемдеу жолдары жазылған арнайы парақшалар таратты. Мейрамханалар мен дәмханалардағы қол жуатын, су тұтынатын жерлерге арнайы жадынамаларды іліп кетті.




«Қоғамда суды үнемдеу жолдарына мән беру керек. Соңғы уақытта жер шарында ауыз су ең үлкен өзекті мәселеге айналып келеді. Сондықтан табиғаттың беріп отырған сыйын біз тиімді пайдалану керекпіз. Су үнемдеу мәдениетін қалыптасырып, қадіріне жете білейік», – дейді Жастар ресурстық орталығы КММ директорының міндетін атқарушы Амалбек Өміртай.

Еріктілердің бірі Сабина Каюмова бұл жобаға қатысуға он күн бұрын өтініш білдіргенін айтады. Қоғамға пайдалы іске қолғабыс етуді жастайынан меңгерген ол жаңа жобаның берері мол деп біледі.

«Су - тіршілік көзі. Сондықтан, барынша үнемдеп пайдалануымыз қажет. Біз қоғамдық орындарды аралап, жоба бойынша насихат жұмысын жүргіздік. Көпшілік жақсы қабылдауда. Күтіп отырған нәтижелеріміз де көп», – дейді волонтер.








Жоғары қарай