Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Түркістандықтар МӘМС аясында тегін ем қабылдап жатыр

2020 жылдың 25 ақпан 2020 12:28

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысына «Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов арнайы іс-сапармен келіп, Сарыағаш ауданындағы бірқатар медициналық мекемелерді аралады. Елді мекендердегі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айбатыр Жұмағұлов алдымен аудандық орталық ауруханасына барып, онда МӘМС жүйесі арқылы тегін ем қабылдап жатқан науқастармен кездесті. Жергілікті халыққа жаңа жобаның артықшылықтарын түсіндірді.

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Қазіргі уақытта Түркістан облысы тұрғындарының 96,9% - МӘМС қатысушылары. Оның ішінде 1 млн 300 мың адам - 15 жеңілдігі бар санаттағы азаматтар, ал олар үшін жарнаны мемлекет аударады. Қор облыс бойынша 73 медициналық мекемемен келісімшартқа отыруды жоспарлаған. Оның ішінде 40-ы - мемлекеттік, ал 33-і - жеке клиника. Келісімге келген мекемелерде медициналық сақтандырылған азаматтар ақысыз ем қабылдай алады», – деді А.Жұмағұлов.

Жалпы аудандық орталық ауруханаға 188 803 тұрғын тіркелген. Бүгінде сақтандырылған тұрғындар емханада компьютерлік томография (КТ) мен магнитті резонансты томографиядан (МРТ) тегін өте алады. МӘМС аясында алғашқы медико-санитарлық және балалар мен ересектерге арналған мамандандарылған медициналық көмек көрсетумен айналысатын медициналық ұйымдардың мүмкіндігі кеңейе түскен. Жаңа жүйе аясында ауыл медицинасына жіті назар аударылып жатыр. Ауылдық жерлерде тұратын азамттар тек сол жердегі аудандық ауруханамен ғана шектеліп қоймай, егер қандай да бір күрделі дәрігерлік емдік шараларды облыс немесе республикалық деңгейде алуға мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, бүгінде аудан көлемінде жаңадан бірнеше бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталықтары ашылған. Басқарма төрағасы солардың қатарына кіретін «Көктөбе» медициналық мекемесінде де болды. Орталықта кардиолог, хирург, стоматолог бейінді мамандар 20239 науқасқа қызмет көрсетіп келеді. Онда 15 дәрігер, 76 орта медицина қызметкері жұмыс істейді.

Айта кетерлігі, бұрын ауыл тұрғындары бейінді мамандардың көмегін аудандық ауруханадан алатын болса, қазіргі уақытта ешкедергісіз өз ауылында орналасқан емхана көмегіне жүгінеді.


Жоғары қарай