Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Түркия 150 сағаттың ішінде YPG лаңкестерінің шығарылуын қамтамасыз етеді – Ердоған

2019 жылдың 23 қазан 2019 17:38

СОЧИ. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат –Түркия мен Ресей президенттері Сочиде Сириядағы жағдайда талқылады. «Мақсатымыз – Сириядағы ұзақмерзімді тұрақтылыққа қол жеткізу», - деп мәлім етті Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресейлік әріптесі Владимир Путинмен Бачаров ручей резиденциясында өткізген алты сағаттық келіссөздердің нәтижесі бойынша. Бұл жөнінде Түркияның «Анадолу» агенттігі хабарлайды.

Р.Ердоған соңғы 8,5 жылда Түркия сириялық 3 млн 650 мың босқынға пана болғанын және олардың 350 мыңы – этникалық күрдтер екенін еске түсірді. Сондай-ақ, ол Түркия мен Ресей Сирияда бірігіп әрекет етіп, сириялық босқындардың өз отандарына қайтуын жеңілдететін жобаларды жүзеге асыратынын мәлім етті.

Түркия басшысы 23 қазан күні түс уақытынан бастап YPG лаңкестерін қаруларымен бірге түрік шекарасынан 30 шақырым жерге ығыстыру қамтамасыз етілетінін атап өтті. Бұл жұмыстар 150 сағаттың ішінде іске асырылмақ.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Ресей Түркия мен Сирия арасындағы шекара режімі бойынша Адана келісімін жүзеге асыруға қол ұшын созатын болады. «Қос тарап Адана келісімінің маңызын растайды. Ресей Федерациясы Адана келісімінің заманауи түрде жүзеге асырылуына жәрдемдеседі», - делінген құжатта.

Путин мен Ердоғанның Сочидегі келіссөздері алты сағаттан астам уақытқа жалғасты.




Жоғары қарай