Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Түркия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кірісуімен құттықтады

2019 жылдың 22 наурыз 2019 16:24

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.

Режеп Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыру және ынтымақтастықты дамыту ісінде ерекше рөл атқарғанын атап өтті.

Тараптар бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

Жоғары қарай