Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Түркия жағалауында мигранттар мінген қайық батып кетті: 11 адам қаза тапты

2020 жылдың 12 қаңтар 2020 15:13

ИЗМИР. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат – Түркияның батысында қайық суға батып, 11 заңсыз мигрант, соның ішінде сегіз бала қаза тапты.

Бұл туралы Түркия жағалау күзетінің өкілі жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Измир провинциясында Чешме жағалауында 19 заңсыз мигрант мінген қайық аударылып кетті. Түркияның жағалау күзеті сегіз мигрантты құтқарып қалды.

Аталып өтілгендей, Түркия жаңа өмір бастағысы келетін заңсыз мигранттардың Еуропаға өтуіне жол ашатын негізгі транзит бекеті. Мигранттар отанындағы соғыс қимылдары мен қудалаулардан қашып келуде. Түркия ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2018 жылы елде 268000 заңсыз мигрант ұсталған.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай