Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Түркияда азот фабрикасында қуатты жарылыс болды

2019 жылдың 8 шілде 2019 01:14 853

АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркияның Кутахия провинциясындағы азот фабрикасында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Қуатты жарылыс Кутахия-Ескішехир тасжолының 7-ші шақырымында орналасқан азот фабрикасында болды. Жарылыстың күштілігі сондай, оның даусы қаланың бірнеше нүктесіне дейін естілген. Өндіріс орнының төбесінен сары түтін көрінген.  

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Кутахияның губернаторы Өмер Тораман айтты.  

Оқиға орнында өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері мен полицейлер жұмыс істеп жатыр.

 

 

Басты сөздер: Әлем, Түркия, Оқиға,
Жоғары қарай