Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Түркияда коронавирустан екінші адам көз жұмды

2020 жылдың 19 наурыз 2020 10:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияда жаңа типтегі коронавирустан екінші адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз тағы бір науқастан айырылып қалдық. Бұл 61 жастағы ер адам», - деп жазды ведомство басшысы Twitter-дегі парақшасында .

Оның айтуынша, соңғы тәулікте елде коронавирусқа шалдығудың 93 жаңа оқиғасы тіркелген.

«Індетке шалдыққандардың жалпы саны 191 адамға жеткен», - деді Ф.Қожа.


Басты сөздер: Әлем, Түркия, Коронавирус,
Жоғары қарай