Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Түркияда короновирус жұқтырған екінші адам анықталды

2020 жылдың 13 наурыз 2020 16:41

АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркияда коронавирус жұқтыруға қатысты екінші жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Жұма күні елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Twitter-де осылай жазды.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы 12 наурыз күні кешкісін алынған талдау оң нәтиже көрсеткенін хабарлады. Оның айтукынша, Түркияда коронавирусты жұқтырған екінші адам бірінші жұқтырған адаммен байланыста болған.

«Өкінішке қарай, біздің болжамымыз ақталды. Тағы біреу ауру жұқтырды. Ол бірінші адам анықталғаннан кейін бірден карантинге алынды. Біз жағдайды бақылауға алу үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатырмыз. Бұл мәселені бірлесіп шеше аламыз», - деп жазды Коджа.





Жаңа үлгідегі коронавирус (Covid-19) алғаш рет 2019 жылдың 12 желтоқсанында Қытайдың Хубей провинциясында Ухань қаласында анықталған еді. Індет басқа қалалар мен елдерге тез тарап кетті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп бағалады.


Басты сөздер: Коронавирус, Түркия,
Жоғары қарай