Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Түркияда теңіз деңгейінен 2 625 метр биіктікте қой қырқудан жарыс өтті

2019 жылдың 7 шілде 2019 17:17 1710

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан Ширнак провинциясының Фарашин жайылымында қой қырқудан жарыс  өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Теңіз деңгейінен 2 625 метр биіктікте өткен шараға жан-жақтан туристер ағылды.

Фестивальды елдің мәдениет және туризм министрі Ахмет Халук Дурсун ашты. Оның айтуынша, Түркияның оңтүстік-шығысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытуға және туристерді көбірек тартуға жағдай жасайды.

Ширнак губернаторы Мехмет Акташтың сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығы - өңір экономикасының өзегі. 

«Қой қырқу» фестивалі - Түркияның оңтүстік-шығысындағы дәстүрлер мен мәдениеттің көрінісі, достық пен ынтымақтың символы", - деді Акташ.

Айта кетейік, Түркия оңтүстік-шығысында Сириямен және Иракпен шектеседі.



null

 

Басты сөздер: Туризм, Мәдениет, Түркия,
Жоғары қарай