Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Түркиялық журналист қазақтарға Анадолы түріктерінің алғысын жеткізді

2019 жылдың 13 қараша 2019 17:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркиялық «Әуелі Отан» газеті Ақпарат бөлімінің редакторы Кемал Саллы журналистика турасында ой-пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Журналистика саласында қызмет еткенімен 58 жыл болды. Осы аралықта баспаларда қазіргі цифрлық жүйелерге дейінгі барлық технологияларды, үй телефонынан бастап телефотоға дейінгі барлық сандық ақпаратқа негізделген заманымыздың байланыс құралдарын үйрендім. Бүгін де журналистиканың мәні мен бағыт-бағдары қатты өзгерді. Ақпараттық агенттіктер мен құрылымдар қоғамды ақпараттандырудан гөрі белгілі бір мақсатта ықпал ету үшін жұмыс істей бастады. Сондықтан, тәуелсіз журналистиканың жағдайы күн өткен сайын қиындап келеді», - деді Кемал Саллы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен елордада өткен «БАҚ және қоғамдық келісім» форумында.

Оның айтуынша, жаһандану кезеңінде, көлік және байланыс технологиялары дамыған уақытта болып жатқан түрлі оқиғалардың астарын зерттеу керек.

«Журналистер кез келген оқиғаның түпкі мәніне үңіліп, оқырман мен көрерменге жеткізу үшін «Сезіндіру» операциясын дұрыс жүргізіп, технологияларды толық игеріп алуға міндетті. Журналист ретінде бүгінгі таңда орын алған жаһандық жағдайларды басқа қырынан көрсетуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәжірибесін таныту үшін бірнеше мақала дайындадым. Сондай-ақ, дәл осы сәтті пайдаланып, Анадолы түріктерінің атынан алғыс айтқым келеді. Осыдан ғасыр бұрын Түркияда ұлттық азаматтық соғыс жүріп жатқан кезде мыңдаған шақырым қашықтықта Мағжан Жұмабайұлы түріктерге арнап, «Алыстағы бауырына» сәлем жолдаған болатын. Оны ешқашан ұмытпаймыз. Жүз жылдан кейін сындарлы саясат ұстанған Нұрсұлтан Назарбаевтың бауырмалдығын да еш уақытта естен шығармаймыз», - деді ол.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Түркия, БАҚ, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай