Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Түрмеден қашқан қостанайлық мектеп ауласында ұсталды

2019 жылдың 2 мамыр 2019 18:44

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласының полициясы түрме колониясынан қашып кеткен қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рудный қаласында учаскелік инспектор Қасымбек Қаржаубаев «102» кезекші инспекторынан мектеп-гимназия аумағында бөгде ер адамның ішке енуге тырысқаны туралы хабарлама алған.

«Оқиға орнына келген полиция майоры мас күйінде болған күдікті ер адамды байқайды. Қолына кірпіш ұстаған күдікті оқу орнына кірмек болады. Тіпті, полиция қызметкеріне оған әлдекімдер шабуыл жасап, ұрғанын айтқан. Алайда, тәжірибелі майор оның бұл алдауына түспеді», - дейді Рудный полиция басқармасының ресми өкілі Ілияс Құдабаев.


null

Қасымбек Қаржаубаев оның түрме колониясынан қашып кеткен қылмыскер екенін бірден байқаған. Ол тәртіп сақшысына қарсылық көрсеткен. Әлденеше уақыттан соң оқиға орнына уческелік инспектор Олег Ращупкин келді. Осылайша, қоныс колониясынан қашқан 33 жастағы ер адам қолға түсті. Қазіргі уақытта қылмыскер мерзімді өтеу орнына жеткізілді.

Еске салсақ, полиция қоныс колониясынан қашып кеткен Арман Жұмановқа іздеу салған болатын.

Жоғары қарай