Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

ТЖ кезінде әлеуметтік төлем алатын азаматтар тізімі кеңейтілді

2020 жылдың 29 наурыз 2020 16:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді. Бұл туралы ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді

Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді:

- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;

- жеке кәсіпкерлер;

- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер.

Енді оларға:

- азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша кіріс алатын адамдар, мәні жұмыстарды орындау болып табылатын (қызметтер көрсету), салық агенттеріне міндетті зейнетақы жарналары төленген азаматтар кіреді.

- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.


Жоғары қарай