Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Уханьдағы госпиталь басшысы коронавирустан көз жұмды

2020 жылдың 18 ақпан 2020 12:31

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, коронавирус ошағына айналған Ухань қаласындағы госпиталь басшысы осы инфекцияны жұқтырып, сейсенбі күні қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат New York Times-қа сілтеме жасап.

Wuhan Wuchang Hospital директоры Лю Чжимин таңғы 10:30-да көз жұмды, деп жазды New York Times.

Осы айдың басында миллиондаған қытайлық тұрғын коронавирус туралы ерте ескерту жасаған дәрігер Ли Вэньлянның қазасына көңіл айтқан болатын.

Он мыңдаған медицина қызметкері Хубэй провинциясының орталығы Уханьдағы теңіз өнімдерін сататын базарда пайда болған коронавирустың таралып кетпеуі үшін күресті.

Қытайлық интернетте Ли секілді, дүйсенбі күні кешке Людің жағдайына қатысты да түсініспеушілік туындады.


Басты сөздер: Қытай, Коронавирус,
Жоғары қарай