Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Үкімет басшысы экономиканың қозғаушы күші болып отырған салаларды атады

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 10:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин Қазақстанның экономикалық өсімнің қозғаушы күші болып отырған салаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, ел экономикасы тұрақты даму жолында. 2019 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,5 пайызды құрады. Оның 85 пайызы шикізаттық емес салалар есебінен қамтамасыз етілді. Экономикалық өсімнің қозғаушы күштері – құрылыс, сауда, көлік салалары болды. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 4,4 пайызды құрады. Бұған негізінен машина жасау саласы, соның ішінде автокөлік жасау, машиналар мен жабдықтар өндірісі, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп үлес қосты. Тау-кен өнеркәсібі 3,7 пайызға өсті. Бұл көрсеткішке металл кенін өндіру көлемін 16 пайызға арттырудың нәтижесінде қол жеткізілді», - деді Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында .

Асқар Мамин негізгі капиталға инвестиция 8,5 пайызға, ал жеке инвестиция 9,5 пайызға өскен.

«Халықтың нақты табысы 5,5 пайызға өсті. 2019 жылы 2,7 млн адамның жалақысы өсті. Оған ең төменгі жалақыны ұлғайту шарасы негіз болып отыр», - деді ол.


Жоғары қарай