Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Үкімет басшысы экожүйені дамыту бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды

2019 жылдың 25 маусым 2019 11:35 368

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Асқар Мамин ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне екі аптаның ішінде Ұлттық инновациялық экожүйені дамыту бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ІТ саласын белсенді түрде дамыту бизнес пен қоғам үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Қазіргі таңда Қазақстанда бұл сала қарқынды түрде дамып келеді. ІТ саланы одан ары дамыту үшін келесі шараларды қабылдау керек: біріншіден, Astana Hub негізінде инновациялық ІТ саласының экожүйесін құруды жалғастыру, ІТ экожүйесінің ресурстарын, жаңашыл құрылымдарын, кәсіпкерлердің идеяларымен инновациялық серіктестігінің тиімді синергиясы үшін ретке келтіру маңызды. Екіншіден, инвесторлармен, венчурлік қаржыландыруды тарту үшін отандық инновациялық жобалар мен стартаптарды тарту қажет. Бұл өте маңызды шара», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Премьер-Министр ІТ экожүйесін дамыту үшін жұмысқа өңірлерді белсенді түрде тартып, орталық пен өңірлердің арасында байланыс орнату қажеттігін тілге тиек етті.

«Қорытындылай келе, ІТ саласындағы инновациялық экожүйенің тиімді жұмыс жүргізу керектігін атап өтемін. Сондықтан, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Astana Hub-пен бірлесіп, екі апта мерзімінде Ұлттық инновациялық экожүйені дамыту бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырамын», - деді ол.

 

 

Жоғары қарай