Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Үкімет пен Ұлттық банк макроэкономикалық саясатты жүргізуде байланысты күшейтеді

2019 жылдың 20 наурыз 2019 21:25 978

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл сапалы өсім өңдеу салалары, құрылыс және инвестициялар, сондай-ақ негізінен ШОБ шоғырланған қызмет көрсету секторы арқылы қамтамасыз етілуі тиіс, деп хабарлайды ҚР ҰМ баспасөз қызметі.

Бұл орайда жаңа бастамалар бойынша бөлінетін бюджет қаражаты экономикаға, халықтың табысына, сонымен қатар инвестициялық белсенділікке қолдау көрсетеді.

Үкімет пен Ұлттық Банк оның ішінде, халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономикалық өсім сапасын көтеруге, инфляциялық процестерді төмендетуге және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған макроэкономикалық саясатты жүргізуде байланысты күшейтеді. 

Айта кетейік, жалпы 2019 жылдың екінші айының қорытындысы бойынша экономиканың барлық салаларында  жақсару беталысы байқалады - төмендеу орын алған тұстарда, ақпан айында өсім байқалды.

Қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіптік өндіріс өсімі 2,7% құрады, ауыл шаруашылығы өсімі - 3,6%, құрылысы саласының өсімі - 2,0%, қызмет көрсету саласының өсімі - 3,9% болды.

 

 

 

Жоғары қарай