Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Үкімет заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеу мәселесін пысықтауда

2019 жылдың 14 қазан 2019 11:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметі заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеу мәселесін пысықтап жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына орай ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Мәжілістегі «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаттары Үкіметтен заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізуді өтінген болатын.

Осы мәселеге жауап берген Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының 2018 жылдың 20 қаңтардағы №4885-5 қарарына сәйкес, жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауы туралы институтты енгізу мәселесі соттан тыс өндіріп алудың аталған тетігінің іс жүзіндегі тиімділігі бағаланғаннан кейін ғана қаралатындығын атап өтеді. Ал Үкімет пен Ұлттық банк өз тарапынан кепілсіз тұтынушылық займдар бойынша проблемалы берешектердің пайда болуына жол бермеу үшін жұмыс жүргізіп жатыр.

«Аталған мақсатта қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейтуге бағыталған банктік және микроқаржылық заңнамаға түзетулер әзірленді. Атап айтқанда, кепілсіз тұтынушылық займдардан айыппұлдар мен өсімпұлдар өндіріп алудың жалғасуын шектеу, заемшінің несиені төлеу қабілетін бағалау әдісін қайта қарау, банктердің меншікті капиталдарына жоғарылатылған талап бекіту ұсынылады. Ұсынылып отырған шаралар жеке тұлғаларда қарыз проблемасының туындауын жоя алмайтындығын атап өткен орынды. Демек, жеке тұлғаның өз міндеттемесіне жауап беруге қабілетсіздігі барысында туындайтын құқықтық қатынас заңнамалық реттеуді талап етеді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың іс-қимыл жоспарының 81 тармағына және ҚР Президентінің 2019 жылдың 19 маусымында №27 Жарлығымен бекітілген «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды орындау аясында тиісінше заң жобасын бекітілген тәртіппен әзірлеу мәселесі пысықталып жатыр», - деді Ә.Смайылов.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: ҚР Үкіметі, Қаржы,
Жоғары қарай