Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Украина ұшақ апатына Иран ашық тергеу жүргізеді деп күтуде - Владимир Зеленский

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 15:18

КИЕВ. УКРИНФОРМ-ҚазАқпарат – Украина ұшақ апатына байланысты Иран тарапы толық әрі ашық тергеу амалдарын жүргізіп, кінәлілер жауапкершілікке тартылады күтіп отыр. Бұл туралы Украина Президенті Владимир Зеленский Facebook-те мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Укринформға сілтеме жасай отырып.

«Бүгінгі күннің таңертеңі бізге жайлы болған жоқ, алайда ақиқаттан хабардар болдық. Халықаралық комиссияның жұмысы аяқталғанға дейін, Иран жағы украиналық ұшақ апатына қатысты өзінің кінәсін мойындады. Дегенмен де кінәні толықтай мойындауды талап етеміз. Осы орайда Ираннан толық әрі ашық тергеу амалдарын жүргізуге, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға, қаза болғандардың мәйітін қайтаруға, өтемақы төлеуге, дипломатиялық арналар бойынша ресми кешірім сұрауға дайын екендіктерін растайды деп күтеміз», - деп атап өтті Президент.

Сонымен қатар ол алдағы уақытта тергеу шаралары жасанды кідіру мен кедергілерсіз атқарылатынына үміт артты.

«Әділ баға беру үшін біздің 45 маманға барлық мәліметтер қолжетімді болуы тиіс және өзара іс-қимыл шараларымен қамтылуы керек», - деп нақтылады Зеленский.

Еске салсақ , Иран Қарулы Күштері Бас штабының хабарлауынша, Тегеран маңында сәрсенбі күні құлаған ұшақты Иранның Әуе қорғаныс күштері қызметі зымыранмен байқаусызда атып түсірген.

Иран Президенті Украина ұшағының құлауына кінәлілер қылмыстық жауапқа тартылатынын мәлім етті.

Осыған дейін Иранда 180 жолаушысы бар Украина ұшағы құлағаны туралы хабарланды.

Өз кезегінде Канада премьер-министрі Иран жолаушылар лайнерін абайсызда атып жіберу мүмкін деген болжамын жариялаған болатын.

Жоғары қарай