Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Украина ЖОО-ларына оқуға жіберілетін үміткерлер тізімі жарияланды

2020 жылдың 19 ақпан 2020 20:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім беру мекемелері және мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын конкурс комиссиясы отырысының нәтижесі бойынша 18 адам Украинадағы ЖОО-ларға оқуға түсуге ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР БҒМ сайтына сілтеме жасап.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Украинаның Білім және ғылым министрлігінің арасындағы 2010 жылғы 10 қыркүйектегі Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде 2020-2021 оқу жылына Украина үкіметі Қазақстан азаматтары үшін 40 білім грантын бөлді.

Білім беру мекемелері және мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын Конкурстық комиссия отырысының нәтижесі бойынша 18 адам оқуға түсуге ұсынылды. Оқу грантын тағайындау туралы соңғы шешімді Украина тарабы қабылдайды», делінген хабарламада.

Айтар кеетрлігі, Украинаның мемлекеттік бюджеті қаражатының есебінен оқуға ұсынылған үміткерлер 2020 жылғы 25 тамыз және 1 қыркүйек аралығында Украинаның жоғары оқу орындарына келіп, қажетті құжаттарды қағаз нұсқада тиісті бөлімге немесе қабылдау комиссиясына тапсыруы керек.

Оқуға түсуге негіз болатын, бұрын алған білімі (білімі және біліктілігі) туралы құжат (түпнұсқасы мен оның көшірмесі); оқуға түсуге негіз болатын, бұрын алған білімі (білімі және біліктілігі) туралы құжатқа қосымша (түпнұсқасы мен оның көшірмесі); паспорттың көшірмесі; медициналық сақтандыру полисі; 4 фотосурет.

Алғашқы үш құжат украин тіліне аударылып, нотариалды куәландырылуы тиіс.

Аталған құжаттар ресми куәландырылып, Қазақстан Республикасындағы Украина Елшілігімен заңдастырылуы тиіс.

Сонымен қатар, үміткерлер амбулаторлық және стационарлық медициналық қызмет көрсетуді көздейтін медициналық сақтандыруды алуы қажет.


Жоғары қарай