Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Украинадағы президент сайлауы: ОСК бірінші тур қорытындысын жариялады

2019 жылдың 4 сәуір 2019 12:07 917

КИЕВ. ҚазАқпарат - Украинаның Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауындағы бюллетеньдердің 100 пайызын өңдеді. Екінші турға шоумен Владимир Зеленский мен қазіргі мемлекет басшысы Петр Порошенко өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Украинформға сілтеме жасап.

Ақпараттар ОСК сайтында жарияланған.

Есептеулерге сәйкес, Владимир Зеленский көш бастап тұр. Оған сайлаушылардың 30,24% дауыс берген. Петр Порошенко 15,95% дауыс жинады.

Юлия Тимошенконы электораттың 13,40%, Юрий Бойконы - 11,67%, Анатолий Гриценконы - 6,91%, Игорь Смешконы - 6,04%, Олег Ляшконы - 5,48%, Александр Вилкулды - 4,15%, Руслан Кошулинскийді - 1,62%  сайлаушы қолдаған.

Украинада дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны - 18 893 879.

Еске салайық, 31 наурыз күні Украинада президент сайлауының бірінші туры өтті.

Бұған дейін электрондық хаттамалардың 97,41 пайызы өңделгенін хабарлаған болатынбыз. 

 

 

 

 

Басты сөздер: Украина, Әлем,
Жоғары қарай