Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Украинадағы сайлау: Жоғарғы Радаға бес партия өтті

2019 жылдың 26 шілде 2019 14:31

КИЕВ. Укринформ – ҚазАқпарат - Орталық сайлау комиссиясы көп мандатты жалпымемлекеттік сайлау округіндегі Украина халық депутаттарының кезектен тыс сайлауы қорытындысының 100% электрондық хаттамасын қарап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған ОСК сайтында көрсетілген мағлұматтар дәлел.

Аталмыш нәтижеге сәйкес, «Слуга народа» партиясына сайлаушылардың 43,16% дауыс берген.

«Опозиционная платформа – За жизнь» партиясы 13,05%, «Батьківщина» - 8,18%, «Европейская солидарность» - 8,10%, «Голос» партиясы 5,82% жинаған.


Басты сөздер: Сайлау, Украина,
Жоғары қарай