Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Украиндық бапкер Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы кубокты тапсырды

2019 жылдың 29 сәуір 2019 23:52 2866

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚХА сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Украинаның арнайы кубогы тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күрестен еңбек сіңірген бапкер Лев Ежевский өзінің шәкірті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы кубок тапсыру үшін Украинадан Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына келіп қатысты», - деп жазды твиттерде Тұңғыш Президент - Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Еске сала кетсек, елордада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті.

Бейбітшілік және келісім сарайында өткен сессияға 1 500-ден астам адам жиналды. Олардың ішінде бүкіл өңірлерден келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері болды.

 

 

 

Жоғары қарай