Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25 пайыз деңгейінде сақтап қалды

2019 жылдың 4 наурыз 2019 20:39

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9,25 пайыз деңгейінде сақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені пайыздық мөлшерлемелердің +/-1 п.т. өзгермейтін дәлізімен 9,25% деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады», - деп атап өтілген ҰБ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Белгілі болғандай, жылдық инфляция төмендеуін жалғастырды және ақпанда нысаналы дәліздің ортасынан төмен қалыптасты.

«Базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі 2019 жылға инфляция бойынша нысаналы бағдарларға қол жеткізу ықпал етеді», - дейді Ұлттық банк өкілдері.

Сонымен бірге, жылдық инфляция 2019 жылғы қаңтарда және ақпанда нысаналы дәліздің ортасында қалыптасып, сәйкесінше 5,2% және 4,8%-ға дейін төмендеді. Мұны тұтыну бағаларының индексі негізін құраушылардың түрлі бағыттағы серпіні көрсетіп отыр.

«Азық-түлік тауарларының инфляциясы айтарлықтай өсті (2018 жылғы желтоқсандағы 5,1%-дан 2019 жылғы ақпандағы 6,6%-ға дейін), бұл жеміс және көкөніс өнімдерін қоспағанда, іс жүзінде барлық тауар позициялары бойынша байқалды. Ақылы қызмет көрсету бағасының төмендеуі жылдың бірінші екі айында (тиісінше 0,2% және 1,3%) табиғи монополиялар қызметінің тарифтерін арзандату бойынша әкімшілік шаралардың күшеюіне себепші болды. Нәтижесінде, тұтыну бағасы индексінің сервистік құрамдауышында жылдық өзгеруінің жыл басынан бері 4,5%-дан 1,3%-ға дейін төмендеуіне әкелді», - делінген хабарламада.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың инфляциясы баяулауын жалғастыруда және ақпанда жылдық көрсеткіш бойынша 6,2%-ға жетті.

Жоғары қарай