Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Ұлттық кеңес маңызды диалогтық алаңға айналады – Берік Әбдіғалиұлы

2019 жылдың 17 шілде 2019 18:07 353

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңадан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі саяси қоғамдағы ең өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар беруі тиіс. Бұл туралы «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Берік Әбідғалиұлы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық кеңес құру Президенттің сайлауалды платформасында көрсетілген. Бір жағынан қоғамдағы түрлі пікірлерді ескеріп, соған ұсыныстарды жинау болса, екінші жағынан негізгі диалогтық алаң жасау, мамандармен, сарапшылармен ақылдасу бойынша құрылады деген жоспар бар. Оның құрамында қоғамдық пікірді қалыптастырып жүрген қайраткерлер, журналистер, блогерлер, саясаткерлер бар. Меніңше бұл да бір Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде саяси реформалар, әлеуметтік, экономикалық жағдайларға байланысты қажетті және еліміздің дамуына маңызды ұсыныстар беріп отыруы тиіс», - деді Берік Әбдіғалиұлы.

Президент Әкімшілігінде арнайы талдау жүргізіліп, Ұлттық кеңестің 41 мүшесі іріктеліп алынған. Олар жылына кем дегенде үш рет жиналып, өзекті мәселелерді талқылауы тиіс.

«Жеке өзім руханият, ұлттың дамуы, жергілікті мемлекеттік басқару, оның ішінде ауыл мәселесі, әкімдердің жұмысы, өңірлік саясатына байланысты тәжірибем мен ұсыныстарымды бөлісемін деп ойлаймын. Саяси реформалардың қажеттілігін, либералдық принциптерді іске асыруға қажеттілігін көтеруіміз керек», - деді спикер.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президент 2019 жылдың 12 маусымында елордадағы ұлықтау рәсімінде мәлімдеген болатын.


Жоғары қарай