Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 384.06
EUR 429.19
RUB 6.08
CNY 55.83

Ұлттық ұлан жауынгерлері Атырауда бекіре тиелген жүк көлігін ұстады

2019 жылдың 18 мамыр 2019 16:29 982

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  - Ұлттық ұлан жауынгерлері Атырауда бекіре тұқымдас балық тиелген жүк көлігін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, балық «КамАЗ» автокөлігі кузовының астына жасырылған болып шықты.

Кеше сағат 15.30 шамасында «Бекіре-2019» жедел алдын алу шарасы барысында құрамында сержант Саят Бейсенов, қатардағы жауынгер Жігер Қалауов бар топ полицейлермен бірге «Печной» бекетінде аталмыш автокөлікті тоқтатқан.

Автокөлікті қараған кезде кузовтың астынан екі полиэтилен ыдысқа салынған, салмағы 35 келідей бекіре тұқымдас балық табылды. Жүргізушіде балықты тасымалдауға рұқсат ететін құжат болған жоқ. Істі одан әрі қарау үшін жүргізуші полиция қызметкерлеріне тапсырылды.


null 

Қазіргі кезде Атырау полиция департаменті ҚР ҚК 339-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.  

 

 

Жоғары қарай