Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Ұлыбританияда ұлттық нақыштағы сән үлгілері көрсетілді

2019 жылдың 18 қараша 2019 17:47

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Қазақстандық жас дизайнер киіз бен жібектен тігілген жеке топтамасын лондондық көрермен назарына ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Silk road fashion show» сән көрсетіліміне қатысқан дизайнер Эльвира Қажытаева ұлттық нақышта тігілген киім үлгілерін бүкіл әлемге паш етіп жүр.

Шебердің айтуынша, шикізат түрінде киіз бен жүнді таңдау себебі олар табиғи таза өнім, әрі өте жеңіл, яғни ыстық та болмайды, суық та болмайды. Бірқалыпты температураны ұстап отырады.

«Соңғы уақытта Еуропада экологиялық таза өнімдер үлкен сұранысқа ие. Бұған қоса пальто немесе көйлек болсын қайталанбайды, тек жалғыз данамен тігілген», - дейді Эльвира Қажытаева.




Кеш қонақтарының бірі Максин Гриффитстің пікірінше, қазақстандық дизайнер өте тамаша киім үлгілерін көрсеткен.

«Біз шынымен де ұлттық ою-өрнекпен әрленген, әртүрлі стиль мен түстегі киімдерге тәнті болдық», -дейді лондондық көрермен.







Silk road fashion show-ға Қазақстаннан бөлек Италия, Франция, Ресей, Болгария, Тайвань және Ұлыбританиядан келген өкілдер де қатысты. «Алдағы уақытта Жібек жолы елдері туралы ақпаратты сән арқылы насихаттағымыз келеді. Өйткені сән - адамдардың мәдениетінің айнасы», дейді шара ұйымдастырушысы Алма Фармер.

Кеште сән үлгілерін көрсетушілердің бірі әрі «Silk road fashion show»-ның бетке ұстары, қазақстандық Милена Тажина жобаны насихаттап, барынша қолдау білдіргені үшін арнайы тәж киді.

Айта кетсек, Эльвира Қажытаева «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы тігін машиналар мен құрал-жабдықтар сатып алып, кәсібін дөңгелеткен жас кәсіпкер. Ол болашақта Еуропа бойынша шоурумдар ашып, қазақстандық сән мектебін танымал етуді жоспарлап отыр.










Автор Ғалымжан Қараманұлы
Басты сөздер: Еуропа, Мәдениет,
Жоғары қарай