Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ұлыбританияның келесі премьер-министрі кім болады - Әлемдік баспасөзге шолу

2019 жылдың 25 мамыр 2019 15:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.

Жаңа премьер-министр шілде айында жұмысқа кіріседі - ВВС

Ұлыбритания премьер-министрлігіне үміткерлер өтінішін қабылдау уақыты 10-14 маусым аралығында аяқталады. Бұл туралы ВВС басылымы жазды. Премьер-министрлікке екі үміткер таңдалады. Кандидаттар үштен көп болса, депутаттар дауыс беріп, екі адамды қалдыруы керек.



null

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй 7 маусымда Консервативті партияның төрайымы қызметінен кететінін хабарлаған еді. Бұл жайлы ол жұма күнгі консерваторлар комитеті басшысымен кездесуден кейін мәлімдеген болатын.

«Конвервативті партия өкілі Брэндон Льюис кандидатты таңдау маусым айының соңына дейін аяқталатынынан үмітті екенін айтты», деп жазады басылым. Ал The Times басылымының жазуынша, премьер-министрліктен кететінін мәлімдегенде Тереза Мэй Британияны Еуроодақтан шығаруға әрекеттенген үш жылдық жұмысын да тоқтатқан.



null

«Жаңа премьер-министр шілде айының соңында жұмысқа кіріседі. Ал Тереза Мэй АҚШ президенті Долнальд Трамптың ресми сапарынан кейін премьер-министрліктен кетеді. Өз сөзінде Тереза Мэй Брекситті жүзеге асыра алмағанына өкінетінін айтты. Сонымен қатар сүйікті еліне қызмет ету үлкен мәртебе болғанын да атап өтті», деп жазады басылым.

Әлеуметтік сауалнама нәтижелері көрсеткендей, Консервативті партияның 125 мың мүшесі Борис Джонсонды фаворит көріп отыр. Сонымен қатар үміткерлер қатарында Доминик Рааб (Dominic Raab), Андреа Лидсом (Andrea Leadsom), денсаулық сақтау министрі Мэтью Хэнкок (Matthew Hancock) бар.

Айта кету керек, Тереза Мэй премьер-министр және партия көшбасшысы қызметіне 2016 жылы маусым айында Еуроодақтан шығу туралы референдумнан кейін Дэвид Кэмеронның орнына отырған болатын. Тереза Мэй Брекситке қарсы дауыс бергенімен, жаңа қызметке келгенде «Брекситтің аты брексит» деп, бұл жұмысты жалғастыра кеткен еді.


Антибиотиктер өлімі: супербактериялар армиясымен қалай күресеміз - NEWSWEEK

«Пенициллин мен басқа да антибиотиктер көптеген адамдардың өмірін аман алып қалды. Дегенмен, антибиотиктер дәуірі соңына келіп қалғанына ұқсайды. Дегенмен, дәрілік препараттарға тұрақты микробтардан қазір жылына 700 мың адам көз жұмса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 10 миллионға жетіп, рак, жүрек аурулары мен диабет көрсеткішін артқа тастауы мүмкін», деп жазады Newsweek басылымы.



null

Автордың жазуынша, 2019 жылы қаңтар айында Колумбия университеті Ирвинг медицина орталығындағы төрт емделушінің ішек таяқшасының ерекше түрін жұқтырып алғанын хабарлаған еді. «Бұл жаңалық бұқаралық ақпарат құралдар үшін ескерусіз қалғанымен, инфекциялық ауруларды зерттеуші сарапшылар тарапынан назардан тыс қалмады. Ішек таяшасы - кең тараған әрі қауіпті емес бактерия. Дегенмен, ол ішектен басқа жерге түссе, өте қауіпті», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, гені өзгерген бактерияға қарсы антибиотик әлі табылмаған. Яғни, емделуі мүмкін емес инфекциялық аурулар көбейе беруі мүмкін.

«1942 жылы алғаш рет Бостон ауруханасына жеткізілген пенициллин түнгі клубтағы атыстан зардап шеккен 13 адамды аман алып қалған еді. Содан кейін ғалымдар антибиотиктің жүзден аса түрін шығарды. Дегенмен, оның өзі аздық етіп отыр. Оның себебі тек антибиотик әсер етпейтін ішек таяқшасында ғана емес, оған қарсы тұра алатын стафилокок, энтеробактерий, клостридиум диффицил секілді антибиотикке тұрақты бактериялардың көбеюінде», деп жазады автор. Оның айтуынша, 2007 -2015 жылдар аралығында антибиотиктерге тұрақты бактериялардың әсер етуінен көз жұмғандар саны төрт есе көбейген.

«Америкада антибиотик әсер етпейтін бактериялардан жылына екі миллион адам зардап шегеді. Олардың 23 мыңы көз жұмады», деп жазады автор.


Тирания адамдарды таңғалдырмайтын болды - La Monde

Le Monde басылымының жазуынша, кей мемлекеттердегі саяси құқықтар мен азаматтық бостандықтың азаюы халықаралық балансқа кері әсер етіп жатыр.

«Freedom House үкіметтік емес ұйым демократиялық қозғалыстарды зерттеумен айналысады. Аталған ұйым мәліметтеріне сенсек, әлем бойынша он үшінші жыл қатарынан демократия төмендеп барады», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, ұйым мұндай мәліметті жыл сайынғы «Әлемдегі бостандық» атты баяндамада айтқан.

Автордың айтуынша, бұл әртүрлі формада байқалады.

«Демократиялық мемлекеттер диктатураға бара жатыр. Кейбір беделді демократиялар авторитарлы реижге аяқ басуда», деп жазады автор. Оның айтуынша, 2005 - 2018 жылдар аралығында саси құқықтар мен азаматтық бостандық көрсеткіші азайған. Роберт Шуман қорының президенті Жан-Доминик Джулианидің айтуынша, Еуропарламенттегі сайлау қарсаңында демократиялық мемлекеттер мен авторитарлы режим арасындағы халықаралық баланс өзгеріп кеткен», деп жазады автор. Оның айтуынша, ұйым баяндамасын жасау барысында 42 демократиялық мемлекет назарға алынған.

«Жаһандану заманында тиранияға деген көзқарас өзгерді. Тирания азаматтарды таңғалдырмайтын болды. Тіпті, тиранияны ақтап алмаса да, оны джихадизммен, тұрақсыздықпен күрес немесе бизнес құралы ретінде қарастыратын болдық», деп жазады басылым.


Джулиан Ассанжға 17 іс бойынша айып тағылды - Vox

WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжға 17 іс бойынша айып тағылды және оған әр іс бойынша он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы Vox басылымы жазды.



null

«АҚШ Әділет министрлігі WikiLeaks негізін қалаған Джулиан Ассанжға АҚШ тыңшылық турлы заңын бұзған 17 жағдайда айып тақты. Оның ішінде АҚШ әскерінің бұрынғы сарапшысы Челси Мэннингтен құпия құжаттар алып, оны жариялады деген де айып бар», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, жаңа айып өткен айда Лондонда қамауға алынған Ассанжға қарсы істі бірден өзгертіп жіберген. Айып тағушылар Ассанж Мэннингпен бірге Қорғаныс министрлігі компьютеріне кіріп, құпия мәліметтерді ұрлауға тырысқан. Енді федералды прокурорлар Ассанж ұлттық қауіпсіздікке кері әсер ететін ақпаратты ұрлап, бірнеше мәрте жариялағанын айтуда. Ал WikiLeaks Туиттер парақшасында бұл айыпты журналистиканың соңы деп атады. Ал ұлттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Джон Демерс бұл айып журналистерге ескерту емес екенін айтты. «Департамент журналистердің демократиядағы рөліне жақсы қарайды және біз журналистерге алғыс айтамыз», деді ол.

Басылымыны ңжазуынша, Ассанж Ұлыбританиядан АҚШқа экстрадицияланады және қосымша айыптардың жағдайды қалай өзгертетіні белгісіз.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем, БАҚ,
Жоғары қарай