Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

Үнді дәрігерлерінің жолбарыстың табанына протез орнату әрекеті сәтсіз болды

2020 жылдың 19 қаңтар 2020 14:49

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үнділік дәрігерлер жолбарыс табанына протез орнатуға әрекеттенді. Бірақ бұл сәтсіз аяқталып, түз тағысы жасанды аяқты қабылдамай қойды. Бұл туралы ҚазАқпарат The Times of India газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, отаны сенбі күні Махараштра штатының Нагпур қаласындағы емханада ветеринарлар мен ортопедтер жасаған. Сахебрао атты жолбарыс наркоздан кейін есін жиған сәтінде тұруға әрекет жасамай, протезді жұла бастаған, дәрігерлерге бұл құрылғыны бөлшектеп, қайта жасауға тура келген.

«Біз кейінірек отаны әлемдегі ірі эксперттермен байланысқаннан кейін жаңаша жоспар құрамыз. Әзірге бұл сәтсіз әрекетімізге өкінуден басқа шара жоқ», - деді отаны жасаған танымал ортопед Шушрут Бабхулкар.

Тоғыз жастағы Сахебрао 2012 жылы Чандрупур округіндегі Тадоба-Андхари қорығында браконьерлердің тұзағына түсіп, сол жақ алдыңғы табанынан айырылған болатын.


Басты сөздер: Медицина, Әлем,
Жоғары қарай