Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Үндістанда әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған іс-шаралар басталды

2020 жылдың 18 ақпан 2020 17:35

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Үндістанда әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған іс-шаралар бастау алды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Үндістандағы Қазақстан Республикасының Елшілігі және Джавахарлал Неру атындағы университеттің қолдауымен Нью-Дели қаласында Әбу Наср әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс шараға ҚР Үндістандағы Елшісі Ерлан Әлімбаев, ҚазҰУ және Дели университеттерінің ғалымдары, Орталық Азия елдерінің дипломатиялық миссиялары мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.




Кездесуді ашқан Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Ерлан Әлімбаев әл-Фарабидің мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндері мен оқиғалар күнтізбесіне енгізілгенін және оны мерекелеу адамзаттың «екінші ұстазының» дүниежүзілік мұрасын зерттеуге және зерделеуге қуатты серпін беретінін атап өтті. Бүгінде Ұлы дала ойшылының есімі әр елдің, соның ішінде Үндістанның ғалымдарын да аса қызықтыруда. Мұндай іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізу әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы мен қазақ тарихын дәріптеуге ықпал етеді.




«Жуырда ҚазҰУ Делиде Әл-Фараби мұражай-үйін ашты, ол ғалымдар мен жұртшылықты тартатын ерекше орынға айналды. Айта кетерлік жайт, Әл-Фарабидің мерейтойы әлемдік деңгейде атап өткізіуде және ҚазҰУ түрлі алаңдарда ИЫҰ, ИСЕСКО, ТҮРКСОЙ және басқа да халықаралық ұйымдардың қолдауымен іс-шаралар өткізуде», – деп атап өтті ҚазҰУ проректоры Мехмет Арслан.

Дөңгелек үстел барысында ҚазҰУ делегациясы әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері, оның қазіргі кездегі мұрасының маңыздылығы туралы ғылыми баяндамалар мен презентациялар жасады. Сонымен қатар ойшылдың идеялары негізінде әзірленген «Университет 4.0» жаңа буын университетінің рухани-адамгершілік және ғылыми-технологиялық платформасын қамтитын моделі ұсынылды.




Іс-шарада сөз алған Үндістанның академиялық топтарының өкілдері, ғылыми орталықтар мен институттардың басшылары Әбу Насыр әл-Фараби мұрасының маңыздылығына ерекше тоқталып, осындай атаулы шаралардың екі достас елдердің мәдениетін жақындастырудағы маңыздылығын атап өтті.




Үндістанға сапар барысында қазақстандық жетекші жоғары оқу орнының делегациясы Амити университетінде (Нойда қ.) 100-ден астам ел өкілдерінің басын қосқан «INBUSH ERA-2020» бүкіләлемдік саммитінің жұмысына қатысты. Саммит аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, Амити университетінде әл-Фараби орталығын және аталмыш үнді жоғары оқу орнының ҚазҰУ-да өкілдігін құру туралы келісімге қол жеткізілді.


Жоғары қарай