Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Үндістанда әскери ұшақ апатқа ұшырады

2019 жылдың 2 ақпан 2019 11:52

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан Әскери әуе күштерінің Mirage 2000 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі The Indian Express басылымына сілтеме жасап.

Ұшақ жұма күні елдің оңтүстік-батысындағы Бангалор қаласында сынақ кезінде жерге құлаған. Апат салдарынан ұшқыштардың екеуі де опат болды.

Пилоттар ұшақ апатқа ұшыраған сәтте катапульта жасап үлгерген. Алайда, оның бірі ұшақ құлаған жерде қаза тапты. Ал екіншісі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, сонда көз жұмды.

Жойғыш ұшақ ағыны жоғары автомобиль жолынан 100 метр қашықтықта құлаған. Жол бойында бірнеше ІТ-компания орналасқан.

Оқиға себептері егжей-тегжейлі тексерілуде.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай