Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 386.05
EUR 428.25
RUB 5.84
CNY 54.65

Үндістандағы жер дауы 9 адамның өлімімен аяқталды

2019 жылдың 17 шілде 2019 20:14 300

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстігіндегі елді мекендердің бірінде болған жер дауынан 9 адам өліп, кем дегенде 19 адам жараланған. Бұл туралы PTI агенттігі жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің хабарлауынша, бірнеше жер учаскесінің кімге тиесілі екендігі нақты көрсетілмеуі үлкен даудың тууына соқтырған. Ымыраға келе алмаған Сапахи елді мекенінің ақсақалдары қастарына жақтастарын ертіп алып, ығына жығылмаған өзге ауыл тұрғындарына оқ жаудырған. Артынша, екі жақтан 100-ге жуық адам жанжалға араласып, қанды төбелес басталған.

Құқық қорғау органдарының ақпаратына сәйкес, қаза тапқандардың үшеуі – әйел. Штаттың үкіметі дауды басу үшін күшейтілген полиция жасағын жіберді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бүлік шыққан аудандағы жағдай толығымен бақылауға алынған.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай