Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Универсиада-2019: Қазақстан допты хоккейден финдерге есе жіберді

2019 жылдың 3 наурыз 2019 20:22

АСТАНА. ҚазАқпарат - Красноярск қаласында өтіп жатқан ХХІХ қысқы дүниежүзілік универсиадада допты хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы финдермен айдынға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енисей» стадионында өткен кездесу біршама тартысты болды.

Бірінші таймда фин құрамасынан Тино Антикайнен есеп ашты. Көп ұзамай Қуаныш Темірәлиннің пасынан кейін Қазақстан құрамасының капитаны Максим Өтебалиев таразы басын теңестірді - 1:1.

Ойынның екінші кезеңінде финдерден Каспер Перден, Юхо Холопайнен, Матти Исландер мергендік танытып, есепті 4:1-ге жеткізді.

Осылайша Қазақстан құрамасы екінші матчында да жеңіліп қалды.

Енді қазақстандықтар 4 наурызда шведтермен, 5-інде норвегтермен ойнайды. Қарсыластарын ірі есеппен тізе бүктіріп, турнир кестесінде әзірге бірінші орында тұрған Швеция құрамасының алдыра қоймайтыны анық (сірә, олар айдын иелері - ресейліктермен бас жүлдеге таласатын болар). Қазақстанға жартылай финалға шығу үшін норвегтерді қалайда жеңуі керек.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық бенди шеберлерінің алғашқы матчын ресейліктермен өткізетінін, кейін олардан жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз. Айта ктерлігі, 2019 жылғы Универсиада ойындары 2-12 наурыз аралығында өткізіледі..

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Универсиада,
Жоғары қарай