Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Универсиада-2019: Қазақстан қоржынындағы алғашқы жүлде Жанбота Алдабергенованың еншісінде

2019 жылдың 3 наурыз 2019 20:32 1185

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан биылғы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына түскен алғашқы медаль Жанбота Алдабергенованың еншісінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жанбота Алдабергенова «шаңғы акробатикасында» 79,38 ұпаймен қола жүлдені иеленді. Осы сайыста 100,29 ұпаймен бірінші орынды Белорусь спортшысы Александра Рамановская алды, екінші орында 91,29 ұпаймен ресейлік Любовь Никитина тұр.

Тағы бір қазақстандық фристайлисшы Аяна Жолдас 4-орынға тұрақтады.

Еске сала кетсек, 23 жастағы Жанбота Алдабергенова көптеген Еуропа кубогы кезеңдері, әлем біріншілігі, Қазасқтан кубоктарының жүлдегері. 

 

 

Басты сөздер: Спорт, Универсиада-2017,
Жоғары қарай