Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

УНИВЕРСИАДА-2019: Садақ атудан аралас сында Қазақстан қола медальға таласады

2019 жылдың 12 шілде 2019 10:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Неапольда өтіп жатқан Жазғы Универсиада ойындарында садақ атудан аралас сында Қазақстан қола медальға таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, Неапольдағы Универсиада ойындарында садақ атудан іріктеу сындары аяқталды.

Блоктық садақ атудан аралас командалық сында біздің спортшылар үшінші орынға таласады.

Атап айтар болсақ, Виктория Лян мен Владимир Сорокин блоктық садақ атудан аралас сында Универсиаданың қола жүлдесіне таласады. Ал әйелдер арасындағы жекелей бәсекеде Диана Макарчук финалға өтті.

Еске сала кетейік, қазақстандық спортшылар Универсиада ойындарында бір алтын, төрт күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Дзюдошы Ғалымжан Қырықбай чемпион атанса, гимнасттар Нариман Курбанов пен Милад Карими және стенд атушы Зоя Кравченко мен жеңіл атлет Михаил Литвин күміс еншіледі. Стенд атудан қола жүлдені Сәрсенкүл Рысбекова иеленген.

Жоғары қарай