Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Универсиада: Қазақстан хоккейшілері топтық кезеңде бірінші орын алды

2019 жылдың 9 наурыз 2019 17:41 1174

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Краснояр қаласында өтіп жатқан қысқы универсиада ойындары аясында шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы топтық кезеңнің соңғы турында Канадамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі құрама бұған дейін төрт ойында да жеңіске жеткен еді. Қазақстандық хоккейшілер алдымен алдымен Латвияны 10:1 есебімен жеңсе, одан кейін Швециядан 5:1, Ұлыбританиядан 17:1, Швейцариядан 7:0 есебімен басым түсті. Ал Канада құрамасы Ұлыбританияны 12:0, Латвияны 6:1, Швейцарияны 6:2, Швецияны 11:1 есебімен жеңді. Төрт турдан кейін Қазақстан мен Канада 12 ұпай жинаған еді. Сондықтан топтың жеңімпазы бүгінгі кездесуде анықталатын. 

Бүгінгі жекпе-жекте біздің хоккейшілер 1-минутта Антон Некряч есеп ашты. Одан кейін де қазақстандық жастар екі шайба соғып кетті. Әуелі Егор Шалапов 9-минутта есепті ұлғайтса, екінші кезеңнің 23-минутында Эмиль Нұрғалиев қанжығасын майлады. Екінші кезеңде канадалық хоккейшілер екі шайбамен жауап қайтарды. Атап айтқанда, Давид Томпсон 32, Даниэль Дел Пагио 37-минутта мергендік танытты. Екінші кезең 3:2 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Үшінші кезеңнің 55-минутында қазақстандық Антон Некряч тағы бір шайба соғып, есепті ұлғайта түсті. Дегенмен Канада сапынан 57-минутта Кристоф Воивин бір шайбамен жауап қайырды.

Кездесуде Қазақстан құрамасы Канаданы 4:3 есебімен тізе бүктірді. Осылайша олар В тобында бірінші орын алды. Енді біздің жігіттер ширек финалда АҚШ құрамасымен кездеседі.  Олар А тобында төртінші орын алған еді. Ойын 11 наурыз күні өтеді. 

 

 

 

Автор: Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Олимпиада, Ресей, Спорт,
Жоғары қарай