Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Универсиада: Шорт-тректен Қазақстан құрамасы екі «қола» алды

2019 жылдың 6 наурыз 2019 19:24

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті. Шорт-тректен қыздар құрамасы мәре сызығын үшінші болып қиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшылар эстафеталық жарыста сынға түсті. Негізгі финалда қазақстандық команда төртінші көрсеткішке қол жеткізген еді. Біздің құрама сапында Әлия Әмірғалиева, Хадиша Бақытткереева, Яна Хан және Алена Волковицкая жарыс жолына шықты.

Дегенмен төрешілер Оңтүстік Корея құрамасын түрлі талаптарға байланысты ойыннан шеттету туралы шешім қабылдады. Олар Ресей құрамасымен бірдей көрсеткішке қол жеткізген еді.

Аталмыш жарыста Ресей қыздары чемпион атанса, Жапония спортшылары күміс медаль алды.

Шорт-тректен еліміздің жігіттер құрамасы да қоржынға қола жүлде салды. Бұл жарыста Оңтүстік Корея алтын алса, Ресей күміс жүлдегер атанды. Эстафеталық асйыста жарыс жолына Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Еркебұлан Шамұқанов және Нұртілек Кажғали шыққан еді.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Жанбота Алдабергенова шаңғы акробатикасынан, Әсет Дүйсенов https://www.inform.kz/kz/universiada-2019-aset-duysenov-kumis-alatyn-boldy_a3504953 шаңғымен жарыстан қола жүлдегер жүлдегер атанған еді.

Қысқы Универсиада ойындары 2-12 ақпан анарылығында өткізіледі. Онда спортшылар биатлон, тау шаңғысы спорты, керлинг, шаңғымен жарыс, сноуборд, шаңғымен спорттық бағдарлау, мәнерлеп сырғанау, фристайл, бенди, шайбалы хоккей, шорт-трек секілді спорт түрлерінен сынға түседі. Оған әлемнің 50-ден астам елінен жастар келді. Универсиада барысында спорттың 11 түрінен үш мыңнан астам үміткер 76 медаль жиынтығын сарапқа салынады.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Ресей, Спорт,
Жоғары қарай