Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Үш қалада ауа сапасы нашарлайды

2019 жылдың 20 қараша 2019 07:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 20 қараша күні Қазақстанның үш өңірінде жағымсыз метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің мәліметінше, сәрсенбіде Қарағанды, Теміртау және Нұр-Сұлтан қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Еліміздің өзге шаһарларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай