Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Үш өңірде өзенде мұз кептеліп, су деңгейі көтеріледі

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 17:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-ның Гидрология департаменті 23-25 қаңтар аралығындағы ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«23-25 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының өзендерінде, сондай-ақ Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінде ауа температурасының жылынуына байланысты (мұз қабаттарының жұқаруы, өзендерде сеңнің тоқтауы) мұз кептеліп, су деңгейі көтерілуі мүмкін», - деп хабарлайды ведомство.

Кептеліс –өзен арнасында оның ағысын шектейтін мұздың жиналуы. Әдетте, мұз кептелісі мен сеңнің тоқтауы салдарынан су деңгейі көтеріліп, тасиды.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай